Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – «Алтын Орда» базарына иелік ететін компанияға сот шешімімен айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тарттылды.
«ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодкесінің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәлкілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын.
2022 жылғы наурызда базарды тексеру нәтижесі бойынша, Серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.
Еске салайық, осы жылдың ақпанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орданы» «қылмыс үшін қараңғы орта» деп атап, жергілікті атқарушы органдарға Үкіметпен бірлесіп базарда тәртіп орнатуды тапсырған еді.