Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алтын құймаларын ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады

Алтын құймаларын ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz - Жыл соңына қарай алтын құймаларын ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға немесе сатуға болады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Айта кетейік, қазіргі кезде алтын құймаларды банктер ғана әзірлейді. Енді алтын құймаларын ақша айырбастау пункттері де әзірлеп, сата алады. Сатып алушылар сондай-ақ алтынды кері сата алады. Ақша айырбастау пункттеріндегі алтынның құны банктерге қарағанда арзан болуы мүмкін және сатып алу, сату операциялары кезінде комиссия алынбайды. Айта кетейік, қазіргі кезде салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм болатын алтын құймалардың бір грамы — 15 мың теңге. "Екінші деңгейлі банктерге қарағанда алтындардың бағасы арзан болады. Сондай-ақ, айырбас пунктілері сіздерден осы алтындарды қымбат бағамен сатып алады. Мысалы, доллар секілді. Оны әдетте жекеменшік пункттері ғана халықтан қымбат бағаға сатып алады", — деді Қазақстандағы айырбас пунктілері ассоциациясының президенті Аршын Ғалымбаев.

Похожие материалы