Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың он айында Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша 7,8 пайызға артып, 31,8 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкі.
«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 56,2 млрд АҚШ долларын құрады. Ал жалпы халықаралық резервтер 88,1 млрд АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 58 пайызын құрады», - деді Ұлттық банк басшысы.