Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алуа Жолболдина

Алуа Жолболдина

Өткен аптада Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрген болатын. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина мақалада келтерілген өнер саласына өз пікірін білдіріп, мәдениет индустриясын дамытудың маңызы туралы айтып берді.

Елбасы мақаласы Қазақстандағы өнерді дәріптеп қана қоймай, халықаралық деңгейде көрсете алатын сапалы әрі терең өнер туындыларын шығаруға бағытталған, яғни мақаладағы «Біздің мәдениетіміздің негізгі  сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз» деген ой осыны мақсатты  көздейді.

Мәдениет индустриясы экономикалық даму мен жұмыс орындарын құруда өте маңызды. Мысалы, көптеген британдық қалалардың 2%-дан 8%-ға дейін жұмыс күші мәдениет индустриясында шоғырланған. Ұлыбританияда 1980-шы жылдардан бастап музыкалық экспорт кірісі инженерлік өнім кірісінен көп. Ұлыбританияда жыл сайын жергілікті 386 мың креативті кәсіпкерлер шамамен 19 млрд фунт кіріс әкеледі, британдық астана экономикасының  16%-ы.

Ұлыбританияның тәжірибесі көрсеткендей, креативті индустрия жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік дамуға алып келеді. 2016 жылғы зерттеулерге қарағанда креативті индустрия – ең алдымен, кинематография, видеоойындар, шеберлік кәсіпорындар, баспа қызметі  жыл сайын экономикаға 84 миллиардов фунт әкеледі.

Мәдениет саласындағы креатив және инновациялық көзқарас елді-мекендердің белсенді дамуына әсерін тигізеді. Мысалы,  Ұлыбританияда Хей-он-Уай деген шағын қалашық 1961 жылдан бері тек ауыл шаруашылығымен айналысқан, тұрғындар саны – 1800 адам. Кейіннен британдық азамат Ричард Бут осы қалашықта букинистік сауданы дамытады, содан 1970-шы жылдардан бері Хей-он-Уай халықаралық кітап саудасы орталығына айналады. Қалашықта 42 кітап дүкені бар. Жыл сайын қалаға 110 мың турист келіп, мамыр айында әдебиет фестивалі өткізіледі.

Енді тағы бір мысал келтірейік. Финляндияда Кеми қаласында тек қағаз фабрикасы болған, соған қарамастан, үлкен жұмыссыздық орын алған. Қаланың басты активі – суық климат және қар. Қалай ойлайсыздар не ойлап тапты? Әлемдегі ең үлкен қар сарайын салды. 1996 жылдан бастап туристер легі, қонақ үйлер, ресторантар салынып, туристтік бағытқа айналды.

Тағы бір мысал - Финляндиядағы ең үлкен мәдени орталығы – Нокиа фирмасының бұрынғы кабель зауытында орналасқан. Бүгінгі креативті және мәдени индустрияның орнына айналды. Бұрынғы зауыттың 56 мың шаршы метрінде - 4 музей, 15 шақты галерея, театральды студиялар, кафе, тігін салондары, шеберханалар және т.б. орналасқан. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жалға беру орындары мен холлдар бар (жәрмеңке, фестиваль, концерт). Тұрақты түрде бұл мәдени орталықта 900 адам жұмыс істейді, жылына 250 мыңға жуық адам келеді. Бүгінде ірі тәуелсіз еуропалық көп функионалды, көркем және мәдени орталықтың жылдық айналымы - 3.5 млн. евро.

Жалпы, қазақстандық мәдениет, мәдени индустрия, өнімдері мен туындыларын экономикалық табыс әрі мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану қажет.

Похожие материалы