Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ғалым Хусаинов "Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ғалым Хусаинов "Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алматы. 23 қыркүйек. 7 kun.kz — "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ғалым Хусаинов "Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, "Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін – ЦКБ) басқармасының бұрынғы төрағасы Владислав Ли өз қызметін аяқтау туралы шешім қабылдап, тиісті өтініш берген болатын. Ғалым Хусаинов 2017 жылдың мамыр айынан бастап ЦентрКредит банкінде басқарушы директор, басқарма мүшесі ретінде қызмет етіп жатыр.

Енді ол жаңа қызметіндегі өз міндеттеріне 2017 жылғы 23 қыркүйектен бастап кіріседі.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы