Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ғалым Хусаинов: "Несие алушылардың саны азаюда"

Ғалым Хусаинов: "Несие алушылардың саны азаюда"

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – "Банк ЦентрКредит" АҚ Бас атқарушы директоры Ғалым Хусаинов CFO SUMMIT 2019-дағы "Ұлттық қаржылық менталдықтың ерекшелігі. Қаржы дағдарысын қайдан күтеді?" панельдік сессиясы шеңберінде Қазақстанда несие берудің стагнациясының себептерін атады.

Панельдік пікірталастың негізгі тақырыбы туралы айта келе, ол 2009 жылы Қазақстанда дағдарыстың пайда болу себебі үш негізгі нарықтық тәуекелде: макроэкономикалық, несиелік және фрод-тәуекелде немесе алаяқтықта тұрғанын атап өтті.

"Егер біз тәуекелдерге тоқталсақ, Қазақстан мүмкін болатын үш тәуекелді "жеді". Нарықтық тәуекел - экономикадағы ауытқулар, несие тәуекелі болды, өйткені қарыз алушылардың кредиттік тәуекелдерін бағалай алмаймыз", - деді СЕО.

Хусаиновтың пікірінше, 10 жыл ішінде банктер қарыз алушыларды бағалауға әкелген тәуекелдерді бағалай білді.

"Ешкім 2009 жылы болған NPL-ді алғысы келмейді. Соның салдарынан несие ала алатын немесе алуға мүмкіндігі бар қарыз алушылардың саны азаюда", - деп түсіндірді "Банк ЦентрКредит" АҚ Бас атқарушы директоры.

Ол сондай-ақ, сапалы қарыз алушылардың болмауынан несие беру тоқтайды деген пікір шынымен орын алып, банктердің тәуекелдерді бағалауды және әлеуетті немесе сапалы қарыз алушыны неғұрлым мұқият таңдауды үйренуі осыған байланысты екенін атап өтті.

"Егер банк ұсынатын пайыздық мөлшерлеме тәуекелсіз ноталардың құнынан жоғары болса, онда банк тәуекелдің құнына және біз беретін қарыз алу құнына қарайды", - деді Хусаинов.

Похожие материалы