Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Amazon алақан ізі арқылы төлем қабылдайтын кассалық терминал құрастырады

Amazon алақан ізі арқылы төлем қабылдайтын кассалық терминал құрастырады

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — Amazon компаниясы алақанның ізімен сатып алуға мүмкіндік беретін касса терминалын әзірлейді, деп жазады WSJ.

Технология бастапқы сатыда тұр және болашақта банктік карталарды клиенттердің биометриялық мәліметтерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Басылымның кейбір дереккөздерінің айтуынша, компания бұл құрылғыларды тұтынушылардың тұрақты ағымы бар кәсіпорындар қолданады деп үміттенеді: мысалы, кафелер мен тез тамақтану мейрамханалары.

Amazon терминалдардың мәліметтерін өз базасында сақтауы мүмкін. Сол кезде компания Amazon сайтындағы сатып алуларымен пайдаланушылардың транзакциялары туралы ақпаратты салыстыра алады және клиенттердің мінез-құлқын алдын ала болжай отырып, жарнама берушілерден үлкен табысқа ие бола алады, деп хабарлайды WSJ дереккөздері.

Amazon қазірдің өзінде Visa жүйесімен жоба үшін ынтымақтастықты бастады, ол терминалдар арқылы транзакцияларды тексеруге мүмкіндік береді. Басылым дереккөздерінің айтуынша, компания MasterCard-пен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Amazon өзінің Amazon Pay цифрлық әмиянын жасайды. Бұл пайдаланушыларға Amazon-да ғана емес, әртүрлі интернет-дүкендердегі сатып алуға ақы төлеуге мүмкіндік береді.

Похожие материалы