Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Amazon.com Inc. смартфондарының сатылымын тоқтады

Amazon.com Inc. смартфондарының сатылымын тоқтады

Amazon.com Inc. америкалық интернет-ритейлері өзі құрастырған Fire Phone  смартфондарының сатылымын тоқтатты. Оған себеп - өнімге деген сұраныстың төмендеуі. Бұл жөнінде MarketWatch басылымы хабарлайды.

Компания өкілі Мишель Тайлерсон Fire Phone-ның барлық қоры тамыздың соңында сатылып кетті дейді. Жаңа жеткізілім жоспарда жоқ. Десе де, құрылғы иелеріне компания алдағы уақытта да сервистік қолдау көрсететіндігін айтып отыр. Бір жыл бұрын шығарылған Fire Phone смартфондары күткен нәтижеге жеткізе алмады. Тіпті 3D технологияларды қолдайтын бірден-бір технологиялары да, мәтіндер мен заттарды тану жүйесі де, бағаларының 199 доллардан 0,99 долларға түскені де сатылымның өсуіне әсер етпеді.

Похожие материалы