Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Amazon-ның құны рекордтық 220,8 млрд долларға жетті

Amazon-ның құны рекордтық 220,8 млрд долларға жетті

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Америкалық Amazon интернет-ретейлері әлемнің ең қымбат брендтерінің рейтингісінде тағы да бірінші орынға ие болды. Оның құны 220,8 млрд долларға жетті. Мұндай рекордтық көрсеткіш Brand Finance зерттеуінде көрсетілген.

«Амазонка осы уақытқа дейін қол жеткізілмеген 200 миллиард доллардан асты. Үш жыл қатарынан бренд әлемдегі ең құнды деген позициясын сақтап келеді. Оның құны 220,8 миллиард долларға жетті. Бұл Google-ден 60 миллиард долларға, ал Apple-тен 80 миллиард долларға көп. Өнімдер мен қызметтердің әр түрін ұсына отырып, сонымен қатар жылдам дамып келе жатқан секторларға және инновациялық технологияларға үнемі инвестиция құю арқылы Amazon бүгінгі күні көшбасшы болып қана қоймай, ертеңгі күнге де дайын », - делінген зерттеуде.

Рейтинг әзірлеушілерінің пікірінше, компания табысының басым бөлігі бұрынғысынша бөлшек саудадан түседі және негізгі операциялардың өсуімен байланысты проблемалар болашақта бренд құнының стагнациясына әкелуі мүмкін.

Бұдан басқа, Google 159,7 млрд доллар көрсеткішімен екінші орынға ие болды, бір жыл ішінде бренд құны 11,9%-ға өсті. Үшінші орында – Apple, оның құны бір жыл ішінде 8,5%-ға, 140,5 млрд долларға дейін төмендеді. Үздік бестікте - Microsoft (117 млрд доллар, -2,1%) және Samsung (94,4 млрд доллар, +3,5%).

Қытайдың ең құнды бренді деп Industrial & Commercial Bank of China (ICBC) танылды. Бір жыл ішінде ол 80,7 миллиард доллар (+ 1,2%) көрсеткішімен екі саты жоғары, алтыншы орынға дейін көтерілді.

Бұл ретте, Facebook жетінші орынға ығысты (79,8 млрд доллар), бір жыл ішінде бренд 4,1%-ға құнсызданды.

Тағы бір америкалық ретейлер Walmart 11-ден сегізінші орынға көтерілді, оның құны 14,2%-ға, 77,5 млрд долларға дейін өсті.

ТОП-10 тізімін екі қытайлық бренд Ping An Bank (69 млрд доллар, +19,8%) және Huawei (65 млрд доллар, +4,5%) қорытындылады.

Brand Finance Global 500 рейтингінде үздік ондықтың қатарына Америка Құрама Штаттарынан алты бренд, Қытайдан және Оңтүстік Кореядан келген үш бренд кірді.

"Бренд күші" көрсеткіші бойынша Ferrari компаниясы көшбасшылықты сақтап қалды. Lidl және Aldi бөлшек саудадағы ең жылдам өсетін бренд болды. Әлемдегі ең ірі IPO-дан кейін Saudi Aramco 2020 жылғы рейтингтегі ең құнды жаңа компания ретінде көрсетілді. Соныман қатар, зерттеу құрастырушылары Tesla-ны әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан бренд ретінде атап өтті.

Похожие материалы