Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Америка Қытайға санкция салуға дайындалып жатыр

Америка Қытайға санкция салуға дайындалып жатыр

Барак Обама әкімшілігі бірнеше ай бойы қытайлықтар айналысып жатқан коммерциялық тыңшылыққа қарсы санкциялар пакетін дайындап жатыр. Бұл туралы үш америкалық шенеунікке сілтеме жасап Financial Times жазады.

Олардың мәліметінше, санкциялар келесі аптада жариялануы мүмкін. Яғни ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа бірінші мемлекеттік сапарынан бірнеше апта бұрын орын алады. Вашингтонның өзінде санкцияларды жариялау мерзіміне байланысты нақты пікір жоқ. Мемлекеттік департамент олардың енгізілуі Си Цзиньпиннің сапарына кері әсерін тигізуі мүмкін деп есептейді. Ал санкциялық шараларды тез арада қабылдауды қолдайтындар Қытайға Американың кибер-тыңшылыққа қандай маңызбен күресетіндігін көрсетуі қажет деген пікірде. Financial Times-та мақала жариялағаннан кейін Reuters америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ ресейлік физикалық тұлғалар да санкция енгізуі мүмкін екендігін хабарлады. Олардың сөзінше ресейлік компаниялардың америкалық ведомствоға қарсы ұйымдастырылған кибер-шабуылдарға қатысуы болуы мүмкін. Еске салайық, шілденің басында АҚШ әкімшілігі хакерлердің 21,5 млн америкалық қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жеке мәліметтерінің ұрланғандығын деп хабарлады.

Похожие материалы