Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Америка Украинаның әскери күшін жақсарту үшін 266 млн доллар жұмсаған

Америка Украинаның әскери күшін жақсарту үшін 266 млн доллар жұмсаған

Америка Құрама Штаттары Украинаның әскери күшін жақсарту үшін 266 млн доллар жұмсаған. Бұл туралы Львовте өткен украиндық-американдық оқулардың жабылу рәсімі "Fearless Guardian - 2015" шарасында хабарланды. 

"Америка Құрама Штаттары Украинаның әскери қуатын жақсарту үшін 2014 жылдың басынан бері өткізілген жаттығуларға, құрылғыларға, елдің шекарасын қорғау мен аумақтық тұтастығы үшін 266 млн доллар жұмсады", - деп хабарлады АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша қорғаныс министрінің орынбасары Элисса Слоткин.

Оның сөзінше, Украинаның ұлттық гвардиясының әскерилері "Fearless Guardian - 2015" оқу-жаттығулары кезінде "өздерін барынша жақсы жағынан көрсеткен".

"Мен сіздердің АҚШ қорғаныс министрлігі украиндық әскерилердің табысына алаңдайтындығын білгендеріңізді қалаймын. Америка Украинаны ресейлік агрессияға қарсы күресінде қолдайды және оны болашақта да қолдайтын болады",-деп мәлімдеді Э.Слоткин.

Фото piligrimname.com сайтынан алынды

Похожие материалы