Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Америкадағы ресейлік банктердің есепшоттары бұғауланды

Америкадағы ресейлік банктердің есепшоттары бұғауланды

АҚШ әкімшілігі екі ресейлік банктің сепшотындағы қаржыны бұғаулап тастады деп хабарлайды The Wall Street Journal американдық қаржы министрлігіне сілтеме жасап. Жалпы бұғауланған қаржы көлемі 640 млн долларды құрайды.

Басылымның мәліметінше, алуға шектеу салынған ақшаның 570 миллион доллары "Россия" банкінің, тағы 60 миллион доллары "СМП-банктің" еншісінде. Екі қаржы мекемесі де АҚШ-тың Ресейген салынған санцияларының тізімінде бар ұйымдардың қатарына кіреді.

Citibank есепшотында ресейлік Құрылыс бюросына тиесілі 10 миллион доллар бұғауланған. Әзірге АҚШ-тың қаржы министрлігі санкциялардың ықпалына ұшырап, есепшоттарындағы қаржыларына қол жеткізе алмаған жеке тұлғалардың тізімдерін жариялаған жоқ. Wall Street Journal жазуынша, бұл жағдайда бұғауланған ең ірі индивидуальді есепшот 2 миллион долларды құрайды, қазір Brown Brothers Harriman банкінде жатыр.

Еске салайық, антиресейлік санкцияларды АҚШ және тағы бірнеше елдер 2014 жылы енгізген еді. Олар ресейлік энергетикалық, қорғаныс және қаржылай салаларға қатысты болды. Жауап ретінде Ресей оған қарсы санкция енгізген елдерден келетін ауыл шаруашылық тауарлардың импортына тыйым салды.

2015 жылдың 4 наурызында АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

 

Похожие материалы