Ақшаның ізін жасырумен күрес мақсатында американдық банктер Мексика шекарасында орналасқан қалалардағы бөлімшелерінің жұмысын тоқтатты. Егер банк еріксізден күдікті операцияларға қатысы бар екендігі анықталса үлкен айыппұл салуына байланысты JPMorgan, Bank of America, Banamex USA және басқа да банктер шекаралас қалалардағы бөлімшелерін жауып тастады деп жазады "Коммерсант".
The Wall Street Journal-дың хабарлауынша, соңғы айлары Мексикамен шекаралас қалалардағы ірі банктердің бөлімшелері күрт азайып кеткен. Сондай-ақ, осы аймақтардағы қандай-да бір бизнесі бар бірнеше мексикалық клиенттің есепшоттары да жабылған.
БұғанАҚШ-тағы қаржылық мекемелерді бақылаушы Федералды кеңестің ақшаның ізін жасырумен және терроризмді қаржыландырумен күреске байланысты банктерге қойылатын талаптарды қатаңдата бастауы себеп болды. Нәтижесінде қаржылық институттар тұтынушыларының есепшоттарындағы кез-келген күдікті әрекетке баса назар аударуын арттырды. Себебі ақшаның ізін жасыруға қатысты әрбір факт үшін қомақты айыппұл төлеуге тура келеді.
Заңсыз келушілер мен нашаның ағымы толастамайтын Мексикамен шекаралас аумақтарда қандай-да бір күдікті жүйеге араласу әдбен мүмкін. WSJ-дың хабарлауынша, шекаралас аймақтағы Аризона штатының Ногалес қаласынан билік заңсыз түрде шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беретін, ұзындығы шамамен 150 метрге жеткен бірнеше жер астындағы тоннель тапқан.
Соңғы жылдары банктер клиенттерінің есепшоттарындағы, валюта айырбастау кезіндегі күдікті операцияларға қатысы үшін миллиардтаған айыппұл төлеп үлгерді. Енді жаңа проблемаларды тудырмас үшін банктер толық сенімділік жоқ клиенттерінің есешоттары мен бөлімшелерін жаппақшы.
Қаржылық институттар ақша ізін жасыру және терроризмді қаржыландырумен күресіп жатқанда, шекаралас аймақтардағы қарапайым американдықтар банк қызметінсіз қалып жатыр. АҚШ-тан Мексикаға баратын ақша ағымына тосқау салынып, бизнес дамыту үшін өтініш жіберген несиелерді кері қайтарылуда. Мексика үшін бұл үлкен соққылардың бірі: Ногалес қаласындағы шекаралас бекеттердің өзінен күніне 1,5 мың тонна жүк көліктері өтеді. Бір жыл ішінде Мексикадан 3 млрд доллардың жеміс-жидегі мен көкөністері жеткізіледі.