Америкалық бизнесмендер бір жылда 14,7 млрд долларды қайырымдылыққа бөлген
Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның жұбайы Мелинда, Америкадағы ең жомарт адамдар рейтингінде ең ықпалды отбасылы жұптардың бірі болды.
2017 жылы 50 ең жомарт жеке тұлғалар мен жұптар, жалпы 14,7 млрд доллардан астам қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған. 2014 жылы 10,2 млрд доллар, 2015 жылы 7 млрд доллар, 2016 жылы 5,6 млрд доллар қайырымдылыққа бөлінген.
Қайырымдылыққа бөлінген қаражаттар туралы 25 жылдан астам уақыт бойы жазып келе жатқан The Chronicle of Philanthropy басылымының мәліметінше, 2017 жылы мұнша көп қаржы бөлінуінің себебі, қаржы нарығының қарқынды дамуы нәтижесінде байлардың байлығы молайған, сондықтан олар осылай көп қаржы бөлген.
The Chronicle басылымы қайырымдылықпен белсенді түрде айналысатын жеке тұлғалар мен отбасылы жұптардың жыл сайын «The Philanthropy 50» рейтингін жариялайды.
Осы жылы рейтингте көшбасышы болып Билл мен Мелинда Гейтс тұр. Айта кетейік, олар төртінші жыл қатарынан көшбасшы. 2017 жылы отбасылы жұптар 4,8 млрд долларға жуық қаражатты қайырымдылыққа аударған. 2016 жылдың соңында әлемдегі ең ірі қайырымдылық қорының жарғылық капиталы 40,3 млрд долларды құраған. Алайда 2016 жылға қарағанда 2017 жылы қорға ақша көп бөлінген. Гейтстің бір өзі жеке байлығынан, әлемдегі ең ірі қорға 141,4 млн доллар аударған.
Ал екінші орында әйгілі Марк Цукерберг пен Присцилла Чан жұптары. Гейтстер сияқты олардың да өз алдына жеке "Чан-Цукерберг қоры" (Chan Zuckerberg Foundation) атты қайырымдылық қоры бар.
Chronicle of Philanthropy рейтингінде үшінші орында Майкл Делл мен жұбайы Сьюзан. Олар 2017 жылы 1 млрд долларды қайырымдылыққа аударған. Бұл қаржы Техас штатындағы Остинде орналасқан Майкл мен Сьюзан қайырымдылық қорына берілген.
Әлемдегі ең жомарт жандардың жалпы тізіміне назар салсақ, қайырымдылыққа ең көп қаржы бөлгендері, технология саласындағы адамдар екенін байқаймыз.
Philanthropy 50 рейтингінде тек 11 адам ғана технологиялық салада болғанмен, олар 8,7 млрд доллар қайырымдылыққа аударған. Бұл тізімдегі қайырымдылыққа бөлінген барлық соманың 60 пайызын құрайды. Chronicle басылымының мәліметінше, келешекте ірі қаржы әлеміндегілер емес, технология саласындағылар қайырымдылыққа өте көп қаражат аударатын болады.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!