Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анар Жайылғанованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады. 

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясының 52-бабына, ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы мәртебесі туралы Конституциялық заңы 24-бабының 2,3, 8-тармақтарына сәйкес ҚР Президентінің Жайылғанованы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы 2019 жылғы 14 маусымдағы №16 жарлығы негізінде Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанованың өкілетілігінің мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіліп отыр», - деді
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов.

Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулин Анар Жайылғановаға бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

«Парламенттегі жұмыстарыңыз үшін барлық депутаттар атынан алғысымызды білдіреміз. Барша әріптестеріміз сізді өте білікті заңгер, тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді міне Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалдыңыз. Өте лауазымды жұмыс. Барлық депутаттардың атынан жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз», - деді Нығматулин. 

Өз кезегінде, Анар Жайылғанова палата спикері мен әріптестеріне алғысын білдірді.

Похожие материалы