Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz - «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Басқармасының құрамына банктің қазіргі қаржы директоры Анастасия Фокина кірді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық қаржы институтында Анастасия Фокина 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. 9 жыл ішінде банктің бірнеше құрылымдық бөлімшелерін басқарды: қаржылық есептілік және жоспарлау бөлімі, қаржылық менеджмент басқармасы, өтемақылар және жоспарлау басқармасы.
2015 жылдан бастап операциялық департаментті басқарды. 2018 жылғы сәуірден бастап Банктің қаржы директоры қызметіне кірісті.
Айта кетейік, 2019 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша Банк Хоум Кредит басқармасына 7 адам кіреді: басқарма төрағасы Карел Горак, төрағаның орынбасары Нарина Надирова, сату департаментінің директоры Дмитрий Власов, маркетинг департаментінің директоры Кирил Бачваров, IT департаментінің директоры Ладислав Шимичека, тәуекелдер департаментінің директоры Антонин Зиммерман және қаржы директоры Анастасия Фокина.