Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қанат Шөкенов 1981 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола облысындағы филиалын «Заңгер» мамандығы бойынша, Тұран–Астана университетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі.
2004–2008 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. 2008–2013 жылдар аралығында ҚР Президентi Iс басқармасының ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2013–2017 жылдары ҚР Президентi Іс басқармасының ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болды.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысының әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды (26.06.2017 ж. бастап).