Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ангела Меркель Ресейге қарсы жаңа санкция енгізілетіндігін мәлімдеді

Ангела Меркель Ресейге қарсы жаңа санкция енгізілетіндігін мәлімдеді

Еуропалық Одақ 19 жеке және 9 заңды тұлғаларға қарсы енгізген санкциялар жоспарланғандай 16 ақпаннан бастап, күшіне енеді.  Бұл туралы бүгін РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып  kursiv.kz хабарлады. Мақалада жазылғандай, Германия канцлері Ангела Меркель  Брюссельде қабылдаған журналистердің санкциялар салынуы туралы сұрағына қысқа ғана "иә" деп жауап берген. Сондай-ақ,  егер жаңа минск келісімдері орындалмаса, Ресейге қарсы тағы да санкциялардың болуы мүмкін екендігін де ескертті.

«Егер барлығы жақсы болса, біз бұл процессті (Украина бойынша жаңа келісімдердің орындалуы) қуана қолдап отырамыз. Егер қиындықтар болса, санкциялардың салынуы да мүмкін",-деді Меркель. Еске салайық, осыған дейін еуропалық дипломатиялық дереккөздер 12 ақпанда Минскіде келісімге қол қойылатынына қарамастан, 16 ақпанда Ресейге қарсы жаңа санкциялар күшіне енетіндігін хабарлаған еді.

Ақпарат бойынша, шектеулер 19 ресейлік және украиналық азаматтарға қарсы енгізіледі. 9 компанияның есепшоттары бұғауланып тасталынады. Бұл шаралар 9 ақпан күні қаңтардағы Мариуполь жағдайларына байланысты өткен ЕО сыртқы істер министрлерінің  отырысында келісілген.

 

Похожие материалы