Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Англияда пластиктен жасалған банкноталар шығарылады

Англияда пластиктен жасалған банкноталар шығарылады

Англия банкі алдағы уақытта номиналы 20 фунт стерлинг пластик банкноталар шығарады. Бұл жөнінде қаржылық реттеушінің баспасөз баянында айтылған деп хабарлайды Газета.ру.

"Келесі 20 фунттық банкноталар қауіпсіз әрі берік полимерден басып шығарылады", — делінген хабарламада. Аталған банкноталарға арналған полимерлер жеткізілімі тендерін 2015 жылдың соңына қарай өткізу жоспарланып отыр. Осыған дейін реттеуші 2016 жылдың күз айында Уинстон Черчилльдің бейнесі бар 5 фунттық купюралар шығаратындығын мәлімдеген еді. 10 фунт стерлинг купюраларында Джейн Остин бейнеледі. Оны 2017 жылдан кейін шығару көзделген. 5 фунт стерлингтік полимер купюралар Шотландияда айналымға шыққан еді. Купюраларды Clydesdale банкі шығарған. Жаңа пластик ақшалар 2,5 есе көбірек сақталады. Және қарапайым купюралардан гөрі қорғанысы да мықты.

Похожие материалы