Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Англиялық жеткіншек өз компаниясын 4 млн долларға сатты

Англиялық жеткіншек өз компаниясын 4 млн долларға сатты

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Ұлыбританиялық жас кәсіпкер өз компаниясын 3,5 млн фунт стерлинке (4,4 млн доллар) сатты. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 18 жастағы Бен Тауэрстің цифрлі дизайн бойынша Tower Design компаниясы бар. Ол алғаш рет компаниясын 11 жасында, өз бөлмесінде құрды. [caption id="attachment_67610" align="alignnone" width="1024"] Фото: tengrinews.kz[/caption] Жас кәсіпкер өз бизнесін Zest деп аталатын ірі коммуникациялық және маркетингтік компаниямен біріктіретін болды. Бұл келісім 2018 жылдың соңына дейін Тауэрске 4,4 млн доллар пайда әкеледі. Қазір компанияда Манчестерде, Кентте және Лондонда 22 серіктесі бар. Сонымен қатар, Twitter мен Pot Noodle сияқты да ірі клиенттері бар. Айта кетейік, Бен Тауэрс 2016 жылы The Times супер жасөспірімдер (The Times Super Teen Power List) рейтингінде көш бастады және жылдың жас кәсіпкері атағына ие болған.

Похожие материалы