Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Антикор «ксивалы Нұрболды» ұстады

Антикор «ксивалы Нұрболды» ұстады

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып,
жер телімін беруді талап еткен Нұрбол Кәрімовтің ұсталғаны туралы хабарлады.

1997 жылы туған қазақстандық Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыру үшін жер телімін беруді талап еткен. Ол бопсалауды өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері ретінде таныстыру арқылы жүзеге асырмақ болған. Кәрімов заңсыз әрекеті үшін
19 мамырда қамауға алынған.

"Күдікті ұсталып, Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Кәрімов бұрын да осындай қылмыстар жасауы мүмкін", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор осыған ұқсас фактілерді білетін адамдарға 1424, +7-778-783-93-01 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов бұған дейін де желіні шулатқан. 2021 жылдың жазында әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлеріне өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерімін деп таныстырған жас жігіттің видеосы пайда болған. Сол тұста оған ҚР Қылмыстық кодексi
385 бабының 3-бөлігі (Құжаттарды қолдан жасау)»
бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған еді.

2021 жылы да өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып, осындай жалған куәлік көрсеткен

Сондай-ақ, оны 2016 жылы Алматы Талғар тас жолында нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан.
Нұрбол Кәрімов ол кезде өзін Құлыбаев Нұрбол Тимурұлы деп таныстырып, байланыстарымен қорқытқан. Кейін жеке тұлғасын анықтап, айыппұл салынған. Оның артында полицияға әйел адамның даусымен қоңырау шалып, Кәрімовтың өзіне қол салғаны туралы хабарлаған. Кейін ол жалған екені анықталды.

Похожие материалы