Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Anytime тағы 100 автомобилмен толығады

Anytime тағы 100 автомобилмен толығады

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Anytime каршерингтік сервисі қаңтар айының соңына дейін Алматы қаласында сервис пайдаланушыларына қолжетімді болатын Volkswagen Polo маркалы 100 жаңа автомобильдің іске қосылатынын хабарлайды. 

Автокөліктердің жаңа партиясының ерекшелігі - бұрынғы "Drive Comfort" жиынтығында болмаған жеңіл балқитын дискілер. Ал, автомобильдердің комплектісі мен түсі өзгермеген.

2019 жылдың қаңтар айының соңына қарай каршеринг компанияның автопаркіндегі көліктер саны 240 данаға жетеді.

Anytime алдағы уақытта жылдамдық режимін 60 км/сағ дейін шектеу туралы заңның күшіне енуіне байланысты, сервис пайдаланушыларына жылдамдық режимі артқан кезде жедел түрде хабарлайтын автоматты жүйені тестіден өткізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Anytime сервисі Алматы қаласында өткен жылдың 18 қазанында ұсынылды. 2018 жылы  компанияның автокөліктері алпыс мыңнан астам рет жалға алынған.

Қазіргі таңда бір автокөліктің орташа жалға берілуі - 7,5 рет.

Похожие материалы