Қазақстан. 24 маусым. 7kun.kz – Димаш Құдайберген кеше Мәскеу ауруханасында қайтыс болған «Ласковый май» тобының солисі, әнші Юрий Шатуновпен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Димаш қаралы хабар туралы не айтарын білмегенін жеткізді.
«Сөз таба алмай отырмын... Бір сахнада әлі талай өнер көрсетеміз деп ойлап едім... Аты аңызға айналған ЮРА АҒА, жатқан жеріңіз жайлы болсын... «Детство» үшін рақмет...», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Телевизиядағы бағдарламалардың бірінде Димаш Юрий Шатуновпен бірге қонақ болған.
Айта кетейік, кеше 23 маусым күні «Ласковый май» тобының солисі, әнші Юрий Шатунов қайтыс болды. Әнші 48 жаста болған еді.