App Store платформасынан «Сбер» мобильді қосымшасын жүктеу мүмкін емес, деп хабарлайды 7kun.kz
Ал бұған дейін жүктелген қосымша жұмыс істей береді. Банктің мәліметінше, iOS жүйесінде енді «Сбербанк Онлайн» қосымшасын жүктеу және жаңарту мүмкін емес. Қолданушылар «Сбердің» веб нұсқасын қолдана берсе болады.
6 сәуірде «Сбер» АҚШ-тың санкциясына іліккен. Банктің АҚШ ықпалындағы активтері бұғатталып, кез келген аударымдарына тыйым салынды.