Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple-дың жаңа жобасы инвесторларды қызықтыра алмады

Apple-дың жаңа жобасы инвесторларды қызықтыра алмады

Нью-Йорк биржасында Apple компаниясының акциялары 2%-ға төмендеді. Бұл туралы РБК сайты хабарлайды.

Компанияның Сан-Францискода өткен тұсаукесері инвесторлардың қызығушылығын туындата алмады. Бастапқыда  Apple-дың акциялары өскенмен, таныстырылым аяқталған соң  110,15 долларға құлдилады.

«Келген инвесторлар Apple-дың ұсынған өнімін ұнатқан жоқ. Себебі жоғарғы сапаны күткен едік. Алайда үмітімізді ақтай алмады», — дейді Firsthand Technology Opportunities Fund-тың инвестициялық менеджері Кевин Лэндис. Cоңғы үш жылда Apple-дың акциясы орта есеппен тұсаукесер кезінде  0,4%-ға кеміген. Сараптаманы BTIG компаниясы ұсынды. Нью-Йорк биржасында  Apple-ден басқа компаниялардың акциялары да төмендеген.  Microsoft құнды қағаздары 1,87%-ға (43,07 $), General Electric 1,64%-ға (24,55$), Google 0,07%-ға (643,41$) түсті. Нәтижесінде, Dow Jones индексінің сатылымы 1,45%-ға,  S&P 500 индексі 1,39%-ға тұрақтады. Еске салайық, сәрсенбі күні Apple өзінің  iPhone 6s, iPhone 6s Plus, «үлкен» iPad Pro және жағаланған Apple TV өнімдерін ұсынған еді.

Похожие материалы