Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple iPhone XR-дің өндірісін қысқартады

Apple iPhone XR-дің өндірісін қысқартады
Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Apple компаниясы iPhone XR смартфондарының өндірісін қысқартамыз деп шешті, себебі бұл моделге сұраныс төмендеген. Сонымен қатар корпорация ескі iPhone 8 және iPhone 8 Plus-ке тапсырыстарды ұлғайтқан. Apple смартфондарын жинайтын Foxconn компаниясы бастапқыда 60 құрастыру желісінде iPhone XR шығаруды көздеп отырды, бірақ  олардың 45-і ғана пайдаланылды. Енді Foxconn күніне 100 мың iPhone XR-ге аз жинайтын болады, себебі оларға сұраныс болжамнан 20-25% төмен болды. Осындай жағдайға Apple смартфондарын құрастырушы Pegatron компаниясы да тап болды. Сонымен қатар, америкалық корпорация жеткізушілерден iPhone 8 және iPhone 8 Plus өндірісін ұлғайтуды сұрады, олардың бағасы XR қарағанда 20%-ға төмен. Дереккөздердің бірінің айтуынша, жабдықтаушылар осы модельдердің қосымша 5 млн смартфондарына тапсырыс алды. Бастапқыда Apple мұндай құрылғының 20 млн данасын шығаруды жоспарлап отырды.

Похожие материалы