Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple капиталдандырудағы орнын Microsoft-ке берді

Apple капиталдандырудағы орнын Microsoft-ке берді

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz —  Microsoft дүйсенбідегі сауда-саттық барысында нарықтық капитализация бойынша қысқа мерзімге Apple компаниясын айналып өте алды, деп хабарлайды Bloomberg.

Бұл жағдай Дональд Трамптың The Wall Street Journal тілшісіне берген сұхбатында тарифтер Қытайдан импортталатын ноутбуктер мен ұялы телефондарға әсер етуі мүмкін деген мәлімдемесінен кейін орын алған.

Кейбір уақыт аралығында Apple компаниясының нарықтық құны 812,6 млрд долларды құраған, ал Microsoft капитализациясы 812,9 млрд долларға жетті.

Қараша айының басында Apple компаниясы 29 қыркүйекте аяқталған төртінші салық кезеңінде рекордтық кіріс пен пайда тапқаны туралы хабарлады. Атап айтқанда, үш айдағы түсім 62,9 миллиард долларды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 20 пайызға көп.

Тамыз айында Apple әлемдегі ең қымбат компания болды, оның нарықтық құны 1 трлн доллардан асты.

Apple 2011 жылдан бері , Exxon Mobil мұнай алыбын айналып өткеннен бастап,  нарықтық капиталдандыру бойынша көшбасшылығын сақтап тұр. Ал қысқа мерзімге өз орнын басқа компанияға бергені бірінші рет емес. Атап айтқанда, ұқсас жағдай 2006 жылы екі рет қайталанған. Ол кезде Apple компаниясы Alphabet холдингіне және  Google-дің бас компаниясына лидерлікті біраз уақытқа берген болатын.

Похожие материалы