Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple «үлкен» iPhone шығарады

Apple «үлкен» iPhone шығарады

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Apple компаниясы 2018 жылдың соңында бірден үш жаңа iPhone смартфонын таныстырады. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.

Оның бірі осы уақытқа дейінгі жасалған смартфондардың ең үлкені болмақ, өйткені диагоналі  6,5 дюйм. Екіншісі - iPhone X-тің өлшемімен ұқсас 5,8 дюйм. Ал, үшіншісі флагмандық аппарат функциясына жақын, бірақ дәл сондай қымбат болмайды.

Bloomberg смартфонның болашақтағы моделінің бірқатар деталдарына тоқталды. Үлкен смартфон, D33 кодтық атауына кіреді, 1242x2688 кеңейтімге ие және OLED технологиясын қолдайды.

Сондай-ақ, аппаратта экранның құлпын ашу және төлем жасау үшін Face ID  сканері орнатылады.

Бірінші және екінші смартфондар жаңа A12 процессорын қолданады.

Бұл смартфондардың шеттері бұрынғыдай тот баспайтын болаттан жасалынады. Пайдаланушылар телефон үлгілерін стандартты түстермен, сондай-ақ «алтын» нұсқасымен де таңдай алады.

iPhone X қолданылмаған дәл осы алтын түс, азиялық нарықта үлкен сұранысқа ие болғандықтан, тұтынушылар тартуда компанияға бірден-бір көмек болуы керек, деп есептейді басылым.

Бұдан бөлек,  iPhone-ды бір немесе екі SIM-карталы етіп, Apple кейбір елдердің нарықтарына смартфон таңдауға мүмкіндік береді.

Үшінші iPhone немесе «бюджет» нұсқасындағы смартфонда қазір iPhone X-те қолданылатын Edge-to-Edge экраны, сондай-ақ Face ID болады. Құрылғыны кішкене қымбаттырақ ету үшін, iPhone 8-де болған LCD экраны қолданылады. Сонымен қатар, артқы панелінде қара әйнектер мен жиектері алюминийден жасалады.

Смартфонның үш нұсқасын бірден шығару, компанияға  iPhone-ның жаңа үлгісін асыға күткен тұтынушылардың үлкен санын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Apple бұл жаңа нұсқаларды дәстүрлі түрдегідей күзде таныстыратын болады.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы