Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple иілгіш iPhone шығарады

Apple иілгіш iPhone шығарады

Алматы. 13 қазан. 7kun.kz — Apple корпорациясы иілгіш iPhone-ды LG компаниясымен бірлесіп жасайды деп жазады The Investor басылымы.

Иілгіш iPhone-ның OLED-экранын жасайтын инженерлерден құралған команда жинақталған. Сонымен бірге майыстыруға болатын икемді баспа тақтасын жасаушылар бөлек командада жұмыс істейді. Иілгіш iPhone 2020 жылы шығатын болады.

Қазіргі уақытта iPhoneX үшін OLED-панельдерін жеткізумен Samsung компаниясы айналысып жатыр. Сонымен қатар, корейлік корпорация өзінің Galaxy X смартфонын іске қосуға дайындалып жатыр.

Похожие материалы