Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Лос-Анджелес соты Apple және байланыс құрылғыларына арналған микросхемалар өндіретін Broadcom-ді Wi-Fi технологиясы бойынша төрт патент ережесін бұзғаны үшін Калифорниялық технологиялық институтқа 1,1 млрд доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Бұл патенттік даулар бойынша тарихтағы ең ірі шешімдердің бірі, деп атап өтті басылым.
Өз кезегінде Apple компаниясы 837 миллион доллар, ал Broadcom 270 миллион доллар төлеуі керек.
Apple Broadcom-тің Wi-Fi чиптерінің ең үлкен тұтынушыларының бірі, олар iPhone, iPad және Apple Watch және өндірушінің басқа да өнімдерінде қолданылады.
Шағым беруші Broadcom Wi-Fi-чиптері өндірісінде институттың әзірлемелерін қолданғанын айтқан.
Институт 2016 жылы компанияларды сотқа берді. Apple сотта өзін тек "жанама тарап" деп атады, деп жазды Reuters. Кейіннен Broadcom да, Apple де үкімге шағымдануды жоспарлап отырғандықтарын хабарлады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Broadcom сатылымдарының бестен бірі Apple компаниясына тиесілі, деп жазды Reuters. 2020 жылдың қаңтарында компаниялар 15 млрд долларға чиптерді жеткізуге мәмілеге қол қойды.