Экономика
Выбор редактора
Apple патент құқығын бұзғаны үшін 234 млн доллар айыппұл төлейді
Американың Висконсин штатындағы Мадисон федералды соты Apple корпорациясын 234 млн доллар төлеуі қажет деген үкім шығарды. Сот компания 1998 жылы тіркелген патентті рұқсатсыз пайдаланған деген үкім шығарды деп хабарлайды The Business Insider.
Айыптаушының сөзінше, корпорация Висконсин университетінде құрастырылған арнайы микрочипті рұқсатсыз пайдаланған. iPhone -ның 5s, 6 және 6 Plus үлгісіндегі смартфондарда осы чиптер қолданылған. Патент технологиясы процесс жұмысын оңтайландырып, энергия үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ал чипті университет қызметкерлері құрастырған, оның құқығы Висконсин Университеті түлектерінің Зерттеу қорына тиесілі. Осыған дейін сот Apple патентті шынымен де рұқсатсыз пайдаланған деп таныған еді.
Сот процесі кезінде америкалық корпорация өкілдері қателік бұзғандарын жоққа шығарып, патент құқығы негізсіз деп мәлімдеген. Компания бірнеше рет АҚШ патент ведомствосынан патент құқығын қайта қарауды өтінгенімен, бұл өтініштері кері шегерілді.