Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple Қытайдағы дүкендері мен кеңселерін жапты

Apple Қытайдағы дүкендері мен кеңселерін жапты

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Apple компаниясы Қытайдағы барлық кеңселері мен офлайн дүкендерін 9 ақпанға дейін жабады. Интернет-дүкен жұмысын жалғастырады.

Компания бұл шешімді коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шарасы ретінде қабалыдағанын атап өтті, сондай-ақ барлық зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Apple жағдайды бақылауға және дүкендерді мүмкіндігінше тезірек ашуға уәде берді.

Бұл ретте, компанияның серіктесі Foxconn басқаратын Apple-дің Қытайдағы өндірісі жұмыс істей ме, жоқ па әлі белгісіз, деп жазды The Verge.

Айта кетейік, Қытайдағы қызметін басқа компаниялар да уақытша шектеді, деп жазды Bloomberg: Starbucks желісі елдегі 2 мыңға жуық нүктені жауып тастады. Ал Honda мен Nissan автоөндірушілері Уханьдегі жұмысшыларын эвакуациялады.

Похожие материалы