Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple әр тыңдалған өлең үшін студияларға өтемақы төлейтін болады

Apple әр тыңдалған өлең үшін  студияларға өтемақы төлейтін болады

Әншілер мен Apple арасындағы тартыс әншілердің пайдасына шешілді. Енді компания тегін тыңдалған әр өлеңге 0,2 цент төлеп тұратын болды.

Бірнеше апта бұрын Apple компаниясы 30 маусымнан бастап Apple Music музыкалық сервисінің ашылатын хабарлаған болатын. Және алғашқы үш айында ол сервисті тегін пайдалануға болады. Кейіннен әншілердің тегін тыңдалған өлең үшін ешқандай өтемақы алмайтыны белгілі болады. Себебі, Apple ешқандай пайда таппайды, Әрі 71,5 пайызы тиесілі құқық иесінің де салмақ үлесі нөлге тең. Үш ай бойы ақшасыз өмір сүруге әншілер қарсы болып отыр. Өз қауымдастығын қорғауға Батыстың белгілі поп-әншісі Тейлор Свифт шықты. Өз блогында ол Apple компаниясына мынадай сөз айтады: "Біз сіздерден тегін айфон беруді сұрап отырған жоқпыз. Ешқандай өтемақысыз өлең орналастыруды сұрамауларыңызды өтінеміз". Қарсылық ретінде әнші Apple Music сайтынан өзінің "1989" атты соңғы альбомын алып тастайды. Бір күн өтпей жатып компания әншілерге өз қалтасынан өтемақы төлеуге келіседі. Әр тегін тыңдалған өлең үшін 0,2 центтен төлейтін болды. Бұл компания үшін аса шығын әкеле қоймайды. АҚШ-тың музыка индустриясының жылдық табысы 7 млрд доллар болса, Apple-дің банктерде 22 млрд долларға жуық қаражаты жатыр.

Похожие материалы