Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple смартфондарын Үндістан құрастыратын болады

Apple смартфондарын Үндістан құрастыратын болады

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Америкалық Apple корпорациясы смартфондарды Үндістанда құрастыруды сәуір айынан бастайды. Бұл туралы Карнатака штатының ақпараттық технологиялар министрі Прийанк Кхардж мәлімдеді.

Телефонды Карнатака штатының астанасы Бангалоре қаласындағы тайваньдық Wistron компаниясы құрастыратын болады. Apple басшылары министрмен қаңтар айында кездесіп, уақытын белгіледі. iPhone-ды Үндістанда құрастырудың кеш хабарлануының себебі Apple өзінің басты бәсекелесі Samsung Electronics басқаратын нарыққа шығуды жоспарлауына байланысты деп отыр.

Apple бұл жолы да компания рейтингісі төмен өндіруші елдерге назар аударуды ұйғарды. Сонымен қатар, америкалық компания кейбір мәліметтер бойынша Үндістан үкіметіне көптеген талаптар тізімін ұсынған. Оның ішінде құрал-жабдықтарды импорттау салығынан 15 жылға босату да бар.

Еске салсақ, Apple корпорациясы 2016 жылы Үндістанға 2,5 млн iPhone смартфондарын жеткізген. Бұл сауда және табыс көлемі бойынша компания үшін үздік жыл болды. Алайда, Counterpoint Research мәліметінше, Apple соңғы тоқсанда жеткізушілер арасында тек оныншы орында болған.

Компания 2020 жылға таман Үндістанға 750 млн смартфон сатуды көздеп отыр.

Похожие материалы