Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple Watch сағаттарының жеткізілуі техникалық қателіктерге байланысты кешігіп жатыр

Apple Watch сағаттарының жеткізілуі техникалық қателіктерге байланысты кешігіп жатыр

Apple Watch "ақылды" сағаттарының жеткізілу уақыты техникалық кемшіліктерге байланысты кешігіп жатыр деп хабарлайды Wall Street Journal осы саладағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, білекті тықылдатуға жауап беретін құрылғыны қытайлық AAC Technologies және жапондық Nidec Corp. фирмалары жасаған. Кейінірек тек бірінші компания ғана жеткізетін тетіктің істен шыға бастағаны байқалады. Қателік тіркелгеннен кейін Apple толығымен AAC Technologies-тен құрылғы сатып алуды тоқтатты. Ал Nidec Corp-тың тез арада өндіріс көлемін ұлғайту үшін уақыт қажет, сондықтан сағатқа тапсырыс беріп қойған клиенттерге тауар жеткізу ұзақ уақыт алып отыр.

Сағаттың білекті жұмсақ түрле тықылдатуы Apple өнімінің ерекшелігі болды. Бұл әдіс қоңырау немесе дірілге қарағанда иесінің назарын аударудың тиімді тәсілі деп есептеледі. Тықылдатуды оятқыш үшін пайдалануға болады. Ал "ақылды" сағатқа ие ғашықтар осы арқылы бір-біріне жүрек қағысын да жібере алады.

Бұған дейін  MarketWatch сағаттарда тағы бір қателіктің бар екендігін анықтады. Құрылғының қағыс жиілігіне сараптама жасау қызметі татуы бар адамның қолында дұрыс жұмыс істей алмаған.

Похожие материалы