Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple жаңа iPhone SE таныстырды

Apple жаңа iPhone SE таныстырды

АҚШ-тың Купертино қаласында Apple компаниясының жаңа құрылғыларының көктемгі тұсаукесері өтті. Компания 5G арқылы жұмыс істейтін жаңа iPhone SE, Mac компьютерлері және басқа да құрылғыларын таныстырды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Тұсаукесер барысында Apple компаниясының басшысы Тим Кук жасыл түсті iPhone 13 және 13 Pro таныстырды. Енді iPhone 13 моделінің алты түсі бар. Смартфондар 18 наурыздан бастап АҚШ-та сатылымға енгізіледі.

Сондай-ақ, салтанатты рәсімде 5G арқылы жұмыс істейтін iPhone SE, M1 чипі бар iPad Air, Apple Silicon M1 Ultra ең өнімді чипі, Mac Studio ықшам компьютері және Studio Display мониторы көпшілік назарына ұсынылды.

Похожие материалы