Биыл Есік, Талғар және Қаскелең өңіріне салынатын инвестиция көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға, 2015 жылмен салыстырғанда 81 пайызға артқан.
Ал инвесторлардың жеке қаржы салымдары 40 пайызға артып, 150 млрд теңгені құрады. Осы арқылы бюджеттегі жүктеме төмендеді. Бюджеттік инвестицияның көлемі 20 пайызға кеміп, 28,4 млрд теңге болды. Ал олардың инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 21 пайыздан 14 пайызға кеміді. Несие 15,4 млрд теңгені құрады (-30 пайыз)
Алматы агломерациясындағы ең инвестициялы аймақтар - Алматы, Талғар, Есік, Қаскелең және Қапшағай. Осы сияқты моноқалалар мен шағын қалалардың әлеуеті -орташа немесе төмен.
Айта кетейік, 22 маусым күнгі ақпарат бойынша, негізгі капиталдағы инвестиция көлемінің өсуі бойынша алғашқы үштікке Оңтүстік Қазақстан (137,5 млрд теңге, 52,2 пайыз қосымша), Ақтөбе (105 млрд теңге, 30,1 пайыз қосымша), және Ақмола (64 млрд теңге, 27,4 пайыз қосымша) облыстары енген болатын.