Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қапшағайда Роллтон мен Бигбон шығаратын зауыт салынып жатыр

Қапшағайда Роллтон мен Бигбон шығаратын зауыт салынып жатыр
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - «Роллтон» мен «Бигбон» брендтерінің иесі «Маревен Фуд» компаниясы Алматы облысының Қапшағай қаласында дайындалған тағам өнімдері мен жартылай дайын өнім өндіретін зауыт салып жатыр. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады. Зауытты іске қосуға шамамен 50 млн АҚШ долларын жұмсалып, өңірде 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт өнімнің кең көлемді ассортиментін ұсынатын болады. Бұл Қазақстанның ішкі нарығын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық аймақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. «Өндірістік процесте шикізаттың негізгі үлесі басым түрде қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Біз тәулігіне 90 тоннаға дейін өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы осындай өндірістік қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз», –деді «Маревен Фуд» компаниясының өкілі. Зауыт құрылысы «Арна» индустриалды өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізілген. Басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр. «Kazakh Invest» Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп қолдау көрсетіп отыр. Зауыт биыл іске қосылады. Ұлттық компания жеңілдіктер мен преференциялар алу мәселесінде жобаға көмектесетін болады», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша «Kazakh Invest» өңірлік директоры Марк Бейдали. Айта кетейік, 2017 жылдың мамыр айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компанияның қазақстандық жобасы «Маревен Фуд Тянь-Шань» арасында инвестициялық келісім шартқа қол қойылған еді.

Похожие материалы