Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,47 теңгені құрады. 12 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,63 теңге/$1) ұлттық валюта 0,16 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 61.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.
Ұлттық Банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,59 теңгені құрайды.