Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 10 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 377,74 теңгені құрады. 7 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,64 теңге / $1) ұлттық валюта долларға шаққанда 2,1 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,30 теңге, ең жоғары – 378,09 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 378,09 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 94 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 66.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 382 теңге, Алматыда – 381 теңге.