Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz - Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 23-27 мамыр аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Дүйсенбі, 23 сәуірде доллар бағамы америкалық валюта курсы 336 теңгеге дейін нығайды. Ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар 337 теңгеге сатылды.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанның газ экспорты біршама қысқарған. 2016 жылдың бірінші тоқсанында  Қазақстан 59,7 млн долларға газ экспорттады. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 152,6 млн доллар болған еді. 

Сейсенбі 24 сәуірде «Headhunter-Қазақстан» зерттеу қызметінің мамандары 660 мыңнан астам түйіндемені сараптап, еліміздегі ең жоғары жалақыны қай сала өкілдері алатынын анықтады.

Зерттеу қортындысына сәйкес, үш миллион теңге және одан жоғары жалақы сұрайтын мамандар топ-менеджмент, бухгалтерия (басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы), сауда-саттық, шикізат өндіру, ақпараттық технологиялар және өнеркәсіп саласының өкілдері.

2016 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,09 трлн теңге болды. Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн бірліктен асты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.

Сондай-ақ, осы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ басшысы Кристин Лагардпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен қор серіктестігі мен әлемдік қаржы-экономика жүйесінің даму бағыттары талқыланды.

Сәрсенбі, 25 сәуірде Астанада сарапшылар қауымдастығының белді өкілдері, саясаткерлер, ірі қаржылық құрылымдарының басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінің басын қосқан экономикалық форум басталды. АЭФ-2016 жиыны «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбында өтті.

Астана экономикалық форумының жұмысы барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев шетел валютасындағы депозит үлесі төмендегенін хабарлады. Оның айтуы бойынша, 2016 жылғы сәуірдің соңында депозиттердің жалпы көлемі жыл басынан бері 2,3%-ға ұлғайып, 16,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте, теңгедегі депозиттердің өсімі 31% болды, шетел валютасында 10,5%-ға төмендеу орын алды.

Қазақстанның даму банкінің  басшысы Болат Жәмішев Астанадағы экономикалық форум кезінде осы аптада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 65 млрд теңге алатынын мәлімдеді.

Кrisha.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматының кейбір аудандарында баспананың шаршы метрі мамырдың соңына қарай шамамен 100 мың теңгеге арзандады. Сайт ақпаратына сәйкес, Алмалы ауданында баспананың шаршы метрі 16 пайызға арзандаған. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 456 мың теңге болса, мамыр соңында 384 мың теңгеге дейін түсті.

26 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Еуропа қайта құру және даму банкінен 1 миллиард доллар көлемінде қарыз алу туралы келісімді мақұлдады. Қарыз ақша «макроэкономикалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қаржыландыруға» жұмсалады, оның ішінде республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруды көздейді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 255 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылғанын мәлімдеді.«Біз жетекші трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндігік алдық. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға шетелдік инвестицияның 255 млрд доллары тартылды»,- деді Президент.

Жұма, 27 сәуірде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі кезінде пантеонға бюджетте ақша жоғын, тіпті қарастырылмағанын айтты.

Апта соңында америкалық валюта курсы 335,51 теңгені құрады. Ұлттық валюта курсы осы аптада құбылмалы болды. Ақша айырбастау орындарында 27 мамырдағы доллардың максималды курсы — 336,5 теңге.

Похожие материалы