Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Ақ майнерлер» жұмысын қайта бастады – Ақшолақов

«Ақ майнерлер» жұмысын қайта бастады – Ақшолақов

Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. 7kun.kz - ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, «ақ майнерлер» кешеден бастап электр жүйесіне қайта қосылып, жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарымен кездескен энергетика министрі «ақ майнерлер» санатындағы заңды майнингпен айналысушы кәсіпорындардың кешелі бері жұмыстарына қайта кіріскенін, ол үшін арнайы рұқсат алғанын атап өтті. Министр бұл мәліметті кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бергенде тағы да растады.

«Біз бұған дейін «ақ майнерге» ресми тіркелген компаниялар жатуы керек дегенбіз, естеріңізде шығар. Ондай кәсіпорындар мемлекетке салық төлеуші болып есептеледі. Ең бастысы, олар өздері сатып алған, тікелей меншігіндегі қондырғыларды пайдаланады. Яғни, майнингпен айналысуға қажет қондырғылар кедендік рәсімдеуден өткен, алым-салығы төленген болуы шарт. Осы талапқа сай болса, қолда бар мүмкіндіктер шегінде электр энергиясын тұтынуын қарастыруға болады. Бірақ қайталап айтамын, егер электр жүйесінде тапшылық сезетіндей жағдай туындаса, оларды бірден ажыратамыз. Менің білуімше «ақ майнерлер» кешеден бері жұмыс істеп бастады», - деді Болат Ақшолақов.

Похожие материалы