
Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Ақмола облысында 1,7 млрд теңгенің тау-кен металлургиялық кешенін салу жоспарланып отыр.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жоба темір рудасының негізінде жүзеге асырылады.
"Қазіргі уақытта стратегиялық серіктес-инвесторды тарту бойынша белсенді шаралар жүргізілуде. Жобаның құны шамамен 1,7 млрд теңгені құрайды", - деп түсіндірді мекемеде.
Әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Жобалық қуаты – жылына 940 мың тонна. Дайын өнімді ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.