Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақмола облысында мемлекеттік бюджетті жымқырған шенеунікке 21 миллион теңге айыппұл салынды

Ақмола облысында мемлекеттік бюджетті жымқырған шенеунікке 21 миллион теңге айыппұл салынды

Ақмола облысы. 24 тамыз. 7kun.kz – Мемлекеттік бюджетті жымқырған облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына 21 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкшетау қалалық сотының үкімімен 2022 жылғы 12 шілдеде Департамент басшысы С.Т. Алтаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған жымқырылған мүліктің он еселенген мөлшерінде, яғни 21 033 110 теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Оның жалған құжаттар бойынша іссапар шығыстарына бөлінген ақшалай қаражат алғандығы анықталды.

Похожие материалы