Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — Ақмола облысы Аршалы ауданы Ольгинка ауылында сібір жарасын жұқтырған деген күдікпен бес тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
16 тамызда ПТР-сынамалардың алдын ала нәтижелері алынды және 17 тамызда ауылда карантин жарияланды. Биопробты зерттеу жалғасуда және 19-20 тамызда аяқталады.
"Ольгинка ауылында малдар арасында сібір жарасы ауруы жоқ. Күн сайын жануарларды комиссиялық тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, ауылдағы барлық жануарларға сәуір айында сібір жарасына қарсы вакцина егілді", - делінген хабарламада.
Сібір жарасының жерлеу орындары кадастрының мәліметтері бойынша, Ольгинка ауылынан 15 шақырым радиуста 1998 жылы сібір жарасының ошағы анықталған, ауру ошағы орнында қоршалған және сәйкестендіру белгілері бар тұрақты жерлеу орны болған.