Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақмола облысындағы зираттан қару-жарақ жасырылған орын табылды

Ақмола облысындағы зираттан қару-жарақ жасырылған орын табылды

Ақмола облысы. 29 тамыз. 7kun.kz – Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол жерден «НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

«Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: polisia.kz

Похожие материалы