Экономика
Ақмола облысының тұрғыны салынып жатқан үйді бөлшектеп, құрылыс материалдарын ұрлаған
Ақмола облысы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Полицейлер 8 миллион теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұры Қараөткел ауылында салынып жатқан үйлердің бірінен құрылыс материалдарын ұрлағаны анықталды. Атап айтқанда ол іргетас блоктарын, кірпіш блоктарын, 3 кәріз сақинасы мен люк қақпағын ұрлап, 8 миллион теңге залал келтірген.
Полицейлер оның бұрын сотталмаған сол ауылдың 32 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Ұрланған затты тасымалдау үшін қаскүнем арнайы техника жалдаған. Қазір ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.