Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақорда Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ақорда Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады.

«Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс», – деп жазды ол.

Еске салсақ, 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачков ұсталғанын хабарлады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

Похожие материалы