Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпанда экономикаға 12,5 трлн теңге несие берілді

Ақпанда экономикаға 12,5 трлн теңге несие берілді

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың ақпан айының соңында экономикаға берілген несиелер көлемі 12,5 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 0,5%-ға аз, деп хабарлады Energyprom.

Салалық бөліністе несиелердің көп бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі (15,6%), екінші орында - көтерме және бөлшек сауда саласы. Ал автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (13,8%) саласы үшінші сатыға орналасты.

Өнеркәсіп саласындағы кредиттер көлемі 2019 жылғы ақпан айының соңында 1,9 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 1,4%-ға көп.

Айта кетейік, өнеркәсіп саласындағы кредиттердің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі - 1,4 трлн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Ал тау-кен өнеркәсібі несиелері бір жыл ішінде 0,3%-ға 335,1 млрд теңгеге дейін қысқарды. Басқа салаларға 240,1 млрд теңге тиесілі, бұл 2018 жылдың ақпан айының соңына қарағанда 14,5%-ға аз.

Өңдеу саласындағы кредиттердің жартысынан астамы металлургия өнеркәсібіне берілді - 354,1 млрд.теңге. Бір жыл ішіндегі өсім 12%-ға тең. Азық-түлік өндірісіне 351 млрд. теңге берілді, жыл ішінде өсім 14,8%-ды құрады.

Сондай-ақ, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі кредиттер көлемі 188,3 млрд теңге, машина жасау саласында 165,6 млрд тенге болды. Сәйкесінше, бұл салаларда кредиттер көлемі 0,2%-ға және 13,2%-ға төмендеді.

Похожие материалы