Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі күн сайын саны оннан жүзге дейін жететін интернет-ресурстар мен тыйым салынған контенті бар әлеуметтік желілердегі парақшаларды табады. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мәлімдеді.
Оның айтуынша, егер 2016 жылы министрлік 140 мыңнан астам заңға қайшы материалды анықтаған болса, 2017 жылы бұл 300 мыңнан асқан, ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 45 мыңнан астам материалдар табылған.
"Анықталған барлық бұзушылықтардың шамамен 90%-ы терроризмді насихаттаумен байланысты және қалған бөлігі есірткіні, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, суицид пен порнографияны насихаттау мен таратуға бағыттылған", - деді ол.
Вице-министр Сириядағы қатыгез кісі өлтіру көріністері бар бейнероликтерді және Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар тарапынан жиһадқа шақыруды мысал ретінде келтірді. Қалған контентке келер болсақ, оның айтуынша, "көк кит", "киттер теңізі", "тыныш дон" сияқты әлеуметтік желілерде түрлі суицидтік пабликтер кең тарайды.